ШҚО-да тұман түседі

571
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республика аумағының басым бөлігіндегі ауа райын Оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер анықтауына қарай кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тек батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста антициклон жоталары әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыста тұман түсуі ықтимал.
Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, Қостанай облысында тұман түсуі күтіледі.