ШҚО-да тұман түсіп, жел екпіні күшейеді

290
көрілім
Шартты фотосурет

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктер болжамынша, оңтүстік-батыс өңірлердің кей жерлерінде жауын-шашын, солтүстікте қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. Республиканың тек батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы орнамақ.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі күтілсе, күндіз өңірлердің басым бөлігінде жел екпіні 15-20, кей жерлерінде 25 м/с күшейеді.

ШҚО, Ақмола, Жамбыл және Қарағанды облыстарының көптеген өңірлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжануда.