ШҚО-да жел екпіні күшейеді

474
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аумағында дауыл тұрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтілуде, тауларда бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Түркістан облысында кей жерлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал, желдің күшеюі 15-20 м/с-қа жетеді деп күтіледі.
Синоптиктер Шығыс Қазақстан, Қостанайда, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында кей жерлерде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп болжауда.