ШҚО-да жел екпіні күшейеді

352
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республика бойынша желдің күшеюі, тұман, шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ, түнде және таңертең оңтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында тұман, оңтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде желдің 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жылдамдықпен соғады деп болжануда.