ШҚО-да жолдар қардан тазартылуда

269
көрілім

19 желтоқсан күні түнде бұрқасын жел салдарынан жабылған көлік жолдары қардан тазартылуда, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

«Казавтодор» ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, бүгін сағат 6.45-те Омбы-Майқапшағай бағытындағы, сағат 7.30-да Алматы-Өскемен бағытындағы, сағат 8.00-де Өскемен-Семей бағытындағы республикалық маңызы бар тасжолдар барлық көлік түрлері үшін ашылды.