ШҚО-да жөндеу көрмеген жолдар жетерлік

303
көрілім

Облыс әкімдігінде өткен жиында жауапты тұлғалар түрлі тақырыптарды қамтып, атқарылған жұмыстарына тоқталды. Десе де маңызды бірқатар мәселелер тиісті деңгейде көтерілмеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Облыстық мәслихат депутаты Марат Құрманбай бірқатар өңірде жол мәселесінің әлі де шешімін таппай отырғандығын жеткізді. Аудан көлемінде көлік қозғалысына қиындық тудыратын бірнеше жол бағыттарының сапасы сын көтермей келеді.

– Семей өңірін алайық. Абыралы деген аудан болған. Қазір жоқ. Сонда барып бір шетінен келесі шетіне жету үшін 300 шақырымдай жол жүру керек. Ал бұл біршама әуре-сарсаңға салады. Соңғы рет қашан жөндеу көргені белгісіз. Тіпті автобустар да қатынамайды. Осы мәселені жоспарға енгізіп, тым құрығанда көлікпен қатынау мәселесін біржақты қылған жөн, – деді Марат Сержанұлы өз сөзінде.

Одан бөлек, аймақта жекеменшік балабақшалардың бағасы да едәуір өскен. Келісімшарт негізінде бұл сұраққа қайта оралу мүмкін болмай отырған көрінеді. Дегенмен жауапты тұлға шындап кіріссе, әлеуметтік бағыттағы мәселенің шешімін табуға болатынын жеткізді.

Әділхан ЕСІМХАНОВ