ШҚО-дағы жазғы демалыс лагерьлерінің жұмыс маусымдары белгілі болды

1144
көрілім
vecher.kz

Жаз лебі сезілісімен баланың жазғы демалысын ұйымдастыру қай ата-ананың болмасын бас ауруына айналатыны белгілі. Осы себепті оқырман жүгін жеңілдетіп, көмек болар деген үмітпен өңіріміздегі балаларға арналған жазғы демалыс лагерьлері туралы ақпаратты жариялауды жөн көрдік. Баласын үйде отырғыза ма, әлде қалтаны біраз жұқартып демалысқа жібере ме, ол ата-ананың таңдауы. Десек те, баласына жайлы да пайдалы демалыс сыйлауды ойлаған ата-ана болса төменде берілген ақпаратқа үңілетін шығар деген үміттеміз

Биыл өңіріміздегі жазғы лагерьлерде "жас омарташы мектебі", "жас дизайнер мектебі" мен "жас кәсіпкер академиясы" ашылмақ. Бұл жөнінде жақында облыс әкімдігінде өткен кеңес барысында биылғы жылы балалардың жазғы демалысының ұйымдастырылу барысы жайын хабарлаған облыстық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сайрангүл Жұмәділова айтып берді.

Биылғы жылы облыс аумағында 958 жазғы сауықтыру лагері жұмыс істемек. Осы мақсатқа аудан, қала бюджеттерінен 300 миллион теңге бөлінген.

Аягөз, Шемонаиха және Бесқарағай аудандарында жазғы демалыс лагерьлерін ашу жұмыстары ұйымдастырылуда. Сондай-ақ Катонқарағай ауданының Приморск ауылының маңындағы сауықтыру лагері жыл бойына қызмет көрсететін болады.

Биылғы жылы лагерьлердің жұмыстарында қосымша қызмет түрлері пайда болады. Атап айтсақ, "Қазгидрометтің" жергілікті филиалының базасында оқушылардың жазғы экологиялық академиясы ашылады. Мұнда биологиялық-экологиялық үйірмелердің 200 қатысушысы Катонқарағай Ұлттық табиғи паркіне, Батыс Алтай және Марқакөл қорықтарына бағытталатын ғылыми-зерттеу экспедицияларына қатысып, экологиялық мониторинг жасайды.

Үлкен Нарын ауылындағы Оқушылар үйінің базасында "Берел қорғандары" өлкетану экспедициясы 250 баланы қабылдамақ. Мұнда балалар Катонқарағай ауданы аумағында ұйымдастырылатын танымдық экспедицияға қатысып, "Баян" пантымен емдеу орталығының жұмысымен, бал өнімдері өндерісімен танысып, "Берел" мұражай-қорығын аралайды.

Ал Зоя Космодемьянская атындағы лагерь базасында ұйымдастырылатын әскери-стратегиялық ойындарда балалар түрлі ортаға бой үйретумен қатар, робототехника және модельдеу сияқты жаңа жұмыс түрлерімен танысады.

Облыстық елді мекендерден тыс орналасқан жазғы лагерьлерде үштілділіктің кешенді бағдарламасын іске асыру мақсатында жазғы тілдік лагерьлер жұмыс істейтін болады.

 

Балаларға арналған облыстың жазғы сауықтыру лагерьлері

Лагерьдің орналасқан жері

Атауы

Лагерь маусымының басталуы мен ұзақтығы

Төлемақысы

Лагерьдің жұмыс бағыты

Байланыс телефоны

Өскемен қаласы

"Дарын"

Маусымның басталуы – 13 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 10 және 7 күн (14-ші тамызға дейін)

10 күндік жолдамаға – 53000 теңге

7 күндік жолдамаға - 37100 тенге

Дарынды балалардың таланттарын ашу

8 (7232) 751-661

87055098291

8 (7232) 701-516

Глубокое ауданы, Малоубинка ауылы

«Толағай»

Маусымның басталуы – 18 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 7 күн (27-ші тамызға дейін)

9 000 теңге

Тілдік (қазақ, ағылшын, орыс тілдері оқытылады)

87051356662,

8 (72331) 23-156, 87771450061

Глубокое ауданы, Горная Ульбинка ауылы

«Зоя Космодемьянская»

Маусымның басталуы – 18 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 12 күн (14-ші тамызға дейін)

68 000 теңге

Спорттық-көңіл көтеру

8 (7232) 76-79-59, 76-65-08, +77713555330

49-20-36

8 (7232) 76-81-43, 8 (7232) 49-20-37, 87713555330

Глубокое ауданы, Горная Ульбинка ауылы

Қ.Сәтпаев атындағы «Апачи» жазғы лагері

Маусымның басталуы – 3 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 9 күн (27-ші тамызға дейін)

45 000 теңге

Тематикалық лагерь

87713555999

87057980317

Глубокое ауданы

«Восток-Тур-Драйв»

Маусымның басталуы – 10 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 4 күн (10-шы тамызға дейін)

25 000 теңге

Спорттық-туристік

8 (7232) 789-999

87761239999

Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылы

«Мейірім»

Маусымның басталуы – 20 маусым күні. (15-ші тамызға дейін)

9 500 теңге

Спорттық-сауықтыру

8778602320, 87471876483

87786002320

 

Зайсан ауданы, Сартерек ауылы

«Сайхан»

Маусымның басталуы – 11 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 7 күн (11-ші шілдеге дейін)

17 500 теңге

Спорттық-сауықтыру және шығармашылық

8 (72340) 50-975

8 (72340) 29-375

87782357388

Зырян ауданы, Жаңа Бұқтырма ауылы

"Жігер"

Маусымның басталуы — 14 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы — 8 күн (17-ші тамызға дейін)

26 500 теңге

 

Спорттық-сауықтыру, шығармашылық

8 (7232) 75-1571

Зырян ауданы, «Алтайская бухта» демалыс базасы.

«Өскемен саяхат және экскурсия бюросы» ЖШС

Маусымның басталуы — 27 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы — 7 күн (10ы шілдеге дейін)

1-ші лек - 34500 тенге.

2-ші лек - 44700 тенге

Спорттық-сауықтыру, туристік

8 (7232) 265-700,

8 (7232) 265-378,

87772217769

Катонқарағай ауданы, Свинчатка ауылы

«Сұңқар»

Маусымның басталуы — 15 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы — 7 күн (5-ші тамызға дейін)

24 500 теңге

Сауықтыру

87713557181

87025194704

Күршім ауданы, Сарөлең ауылы

«Балдәурен»

Маусымның басталуы – 5 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 10 күн (25-ші тамызға дейін)

27 000 теңге

Туристік-экологиялық

8 (72339) 31-391, 87058424176, 87777939527

Көкпекті ауданы, Новостройка ауылы

"Балдәурен-Көкпекті-2"

Маусымның басталуы — 20 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы — 10 күн (16-шы тамызға дейін)

10 000 теңге

Спорттық-сауықтыру

8 (72333) 23-792,

87055225879

8(72348) 30-143, 87773508414

Көкпекті ауданы, Мойылды ауылы

"Балдәурен-Көкпекті-3"

Маусымның басталуы — 21 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы — 10 күн (17і тамызға дейін)

10 000 теңге

Спорттық-сауықтыру

8 (7233) 51-737,

87778581516

8(72348) 30-143, 87773508414

Риддер қаласы

Республикалық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі

Маусымның басталуы — 23 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы — 11 күн (5і тамызға дейін)

35 000 теңге

Дамыту және көңіл көтеру

8 (72336) 30-666

Риддер қаласы, Қарағай орманы

«Синегорье»

Маусымның басталуы – 21 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы — 19 күн (5і тамызға дейін)

69 000 теңге

Спорттық-сауықтыру

8 (7233) 44-471

Бесқарағай ауданы, Старая Крепость ауылы

«Жас Қанат»

Маусымның басталуы – 15 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 12 күн (10-шы тамызға дейін)

25 000 теңге

Шығармашылық бағыттағы лагерь

8 (7222) 52-18-64,

87773394820

Бесқарағай ауданы, «Орленок» саяжай алқабы

«Радуга»

Маусымның басталуы – 15 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 12 күн (10-шы тамызға дейін)

25 000 теңге

Шығармашылық бағыттағы лагерь

8 (72236) 307-243,

877715022 02

8 (7222) 524-882, 87759084367

Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылы

«Сеңгір»

Маусымның басталуы –1 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 10 күн (2-ші тамызға дейін)

9 000 теңге

Спорттық-сауықтыру, туристік, тілдік

8 (72346) 28-510, 8 (7234) 428-510, 8 (72346) 22-016

Ұлан ауданы, Төменгі Тайынты ауылы

«Болашақ»

Маусымның басталуы – 18 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 10 күн (20-шы тамызға дейін)

20 000 теңге

Сауықтыру

87053215542. 8 (72338) 79-051,

8 (72338) 205-29

Ұлан ауданы, Манат ауылы

"Алые паруса"

Маусымның басталуы – 15 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 8 күн (16-шы тамызға дейін)

26 500 теңге

Спорттық-сауықтыру және шығармашылық

8 (7232) 75-15-71

Ұлан ауданы, Төменгі Тайынты ауылы

«Патшалар жазығы»

Маусымның басталуы – 11 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 12 күн (29-шы шілдеге дейін)

-

Экологиялық-туристік

87771344354

87771344354

Ұлан ауданы, Төменгі Тайынты ауылы

"Балалар ауылы"

Маусымның басталуы – 22 маусым күні.

Әр лектің ұзақтығы – 18 күн (15-ші тамызға дейін)

-

 

Экологиялық-туристік

8 (7232) 213-225

Үржар ауданы, Кабанбай ауылы

 

«Үржарайым»

 

Маусымның басталуы – 10 маусым күні.

Әр лектің ұзақтығы – 7 күн (11-ші тамызға дейін)

25 000 теңге

Сауықтыру және тіл оқыту (ағылшын тілі)

87782685561,

8 (72239) 48-165

Үржар ауданы, Науалы ауылы

"Тарбағатай"

Маусымның басталуы – 1 маусым күні.

Әр лектің ұзақтығы – 22 күн (28-ші тамызға дейін)

-

Сауықтыру

87757567819

 

Қажет етілетін құжаттар:

1) өтініш;

2) қызмет алушының тұлғасын кәуландыратын құжат;

3) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін немесе Қазақстан Республикасынан тыс туылған жағдайда, туу туралы куәліктің көшірмесі;

4) мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар санат үшін жергілікті атқарушы органдармен ұсынылатын мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек алушыларға қызмет алушының (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама;

5) қызмет алушының (отбасының) алған табыстары жөніндегі құжаттар (мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққанда орташа өмір сүру табысы ең аз шамасынан төмен отбасылардан (еңбекақы, ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың кәсіпкерлік және қызметтің өзге түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және асырауындағы өзге адамдарға алимент түріндегі табыстар);

6) жетім-балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, отбасында тәрбиеленетін балалар үшін қамқоршылықты (қорғаншылықты) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;

7) отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру, сонымен қатар қаржы және материалдық көмек көрсету жөнінде шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттар негізінде қала сыртындағы және мектеп маңындағы лагерьлерге демалыс ұсынуға тегін жолдамалар беру туралы білім беру ұйымдарының ұжымдық органы шешімінің көшірмесі;

9) психологиялық-медицина-педагогикалық кеңес беретін медициналық қорытындысының көшірмесі – ерекше білім қажеттіліктері бар балалар үшін;

10) флюротүсірілім, оқушының денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ