ШҚО-ның белгіленген өзен-көлдерінде балық аулаудың әуесқой түріне ертеңнен бастап рұқсат етіледі

606
көрілім

Бүгін – Зайсан көлі мен Қарақастан-Батин шоқасына дейінгі Бұқтырма су қоймасының бөлігінде «Нерест» шарасының соңғы күні. Яғни, уылдырық шашу кезеңінен аяқталуына байланысты аталған аумақта әуесқой балықшыларға балық аулауға рұқсат беріледі, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қолай көргендер ертеңнен бастап барлық кәсіптік учаскелерде балық аулауға жолдама ала алады. Жолдаманы Өскемен қаласында «Табиғат пайдаланушылардың Ассоциациясы» ЗТБ ҚБ береді. Мекемеге жолдама алу үшін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден бастап 16:00-ге дейін келуге болады. Мекеменің мекен-жайы: Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі 40, 3 қабат, 305 кеңсе. Байланыс телефоны: 26-38-72, 87058010355.