ШҚТУ төрт елдегі ЖОО-да екі дипломды бағдарламаны жүзеге асырады

415
көрілім

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ жоғары технологиялық зерттеулер жасауда жоғары нәтижелер көрсетіп жүр. Университет жергілікті кәсіпорындармен қоян-қолтық жұмыс істеуде, деп хабарлайды Buqara.kz. сайтының тілшісі.
Қазіргі уақытта ШҚТУ ұжымы халықаралық стандарттарға негізделген техникалық білім берудің ұлттық моделін әзірлеуде.
Жоғары сапалы білім беру бағдарламалары тек қазақстандықтар үшін ғана емес, шетелдік студенттер үшін де университеттің беделін арттырды. Қазір университетте сегіз елдің талапкері оқиды. Университет Германия, Польша, Венгрия, және Ресей мемлекеттерінің жоғары оқу орындарымен қос дипломдық бағдарламаларды әзірлеуде. Білім беру бағдарламалары халықаралық аккредитациядан өтіп, университеттің дипломы шетелде танылды.
Университет экологиялық бағытқа да көңіл бөледі. Ол Green metric рейтингісінің  тұрақты көшбасшысы болып танылып, биыл әлемдегі 100 үздіктің қатарына енді. Сондай-ақ әлемдегі жоғары оқу орындарының жаһандық THE Impact рейтингінде жоғары бағаға ие болды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасымен Академиялық шеберлік орталықтарын дамыту бойынша ШҚТУ-да тау-кен металлургия өнеркәсібінің орталығын ашу жұмыстары жүріп жатыр.
Биыл университетте «Энергетика» бағыты бойынша ЖЭО базасында филиал ашылды. Бұл студенттердің кәсіби дағдыларын дамыту үшін маңызды элемент болды.
Желтоқсанда университетте «Лу Бань атындағы шеберхана» ашылып, студенттер «Көлік, көлік техникасы және технологиясы» атты бағдарлама бойынша оқитын болады. Бұл шеберхананың ашылуы Қазақстан мен Қытай арасында мемлекеттік деңгейдегі цех құру туралы келісімге қол қойылғаннан кейін жүйеге енді.
ШҚТУ – жаңа инновациялардың тандемі болып, интеграцияланған білім, ғылым және өндіріс арқылы негізделген жарқын болашаққа жол бастауда