Шығыс Қазақстан облысында жекеменшік балабақша жүйесі дамуда

296
көрілім

Өңірдегі туудың жоғары көрсеткіштері бірнеше жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысында балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ету мәселесінің туындауына әкеліп соқты. Бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі механизмдері іске қосылды.

2017 жылы облыста жекеменшік балабақшалардың өз жұмысын бастауына қажетті 64 келісімшартқа қол қойылды. Мемлекеттік тапсырыс мөлшері 7,8 млрд. теңгені құраған. Бұл жайлы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 2017 жылдың 29-шы қарашасында Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында хабарлады.

Осы ретте, айта кету керек Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев балалардың 99%-ын балабақшамен қамтамасыз етіп отырған Шығыс өңірін мақтаған болатын.