Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін

245
көрілім

ШҚО-да осы аптаның аяғына дейін қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

«Казселезащита» мамандарының хабарлауынша, 17-23 ақпан аралығында ауа райының жылынуына байланысты облыстың таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін. Бүгінде қар қалыңдығы 1,5 метрге дейін жетеді.

- Егер ауа температурасы күрт жылынып кетсе көшкін қаупі арта түседі. Негізінен көшкін түс уақытында күн қатты ысыған кезде жүреді. Сондықтан тұрғындарға таулы жерлерге баруға тыйым салынған. Қар көшкінінің қаупін білдіретін белгілерден асып кетпеу керек, - делінген мәліметте.