Тарбағатайлық палуан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

732
көрілім
Фотосурет күрес парақшаларынан

Қырғызстан астанасы Бішкекте 23 жасқа дейінгі жастар арасында күрес түрлерінен өткен Азия чемпионатында жерлесіміз Ілияс Ерболатов тұғырға көтерілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ақжар ауданының тумасы жастар арасында да, ересектер бойынша да бәсекелестік қызып тұрған 74 келіге дейінгі салмақта күресті. Жерлесіміз ширек финалда өзбек палуаны Бегиджон Кулдашевке жол берді. Кулдашев жартылай финалда Түркіменстанның үздігі Азымберді Сапаровты 5:0 есебімен ұтып, финалға өтті. Осыған байланысты Ерболатов қола медаль үшін өткен белдесуде сол Сапаровтан айласын асырды. Екі кезең нәтижесінде ақжарлық спортшы 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Еркін күрес палуандары барлығы екі алтын, үш күміс және төрт қола медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді.
Әділхан ЕСІМХАНОВ