Тастаяқтан турнир өтті

315
көрілім

Өскеменде Темірлан Уалиевті еске алуға арналған ересектер арасында бильярдтан облыстық турнир өтті. Аталмыш жарыс облыстық деңгейде осымен екінші рет өткізіліп отыр.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайыста өскемендіктерден бөлек, Семей қаласынан және аймақтың бірқатар аудандарынан 32 спортшы қатысқан. Мұнда 18 жастан бастап 63 жас аралығындағы қатысушылар және 63 жастан жоғары ардагерлер өзара үздікті анықтады. Жеңімпаздар олимпиадалық жүйе бойынша ойнап шығу барысында белгілі болды. Жарыс ережесіне сай, екі рет жеңіліс тапқан қатысушы турнирден шеттетіліп отырды. Турнир нәтижесінде ардагерлер арасында Николай Рыжых жеңімпаз атанса, жастардан Елдос Мұхамеджанов топ жарды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Мадақтама қағаздары мен естелік медальдар, сондай-ақ бағалы сыйлықтар табысталды.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ