Техникалық қызмет көрсету орталығының қызметкері клиент көлігін жүргізіп кеткен

502
көрілім
Шартты фотосурет

Өскемен қалалық полиция басқармасының «102» жедел арнасына 23 жастағы қала тұрғыны жүгініп, көлігі ұрланғандығына шағымданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, тамыз айының 6-сы күні белгісіз біреу техникалық қызмет көрсету орталығындағы «Mercedes» автокөлігін иемденген. Келтірілген залал 1 200 000 теңгені құрады.
Хабарлама түскеннен кейін патрульдік полиция инспекторлары «қармау» жоспарын жариялап, күдікті Шемонаиха қаласында ұсталды.
- Тексеру барысында жәбірленуші көлігін ТҚКС-ға жөндеуге қалдырып, қайтып келгенннен кейін көліктің жоқтығын анықтаған. Ұрлықты осыған дейін жүргізу құқығынан айырылып, көлік жөндеу орнының 30 жастағы қызметкері екені анықталды. Қаскөйді ұстау барысында ол мас күйінде болған. Күдікті кінәсін мойындады, - делінген мәліметте.
Автокөлік Шемонаиха қаласындағы мамандандырылған тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі, 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.