«Тәуелсіздікті қорғауды басты міндетім деп санаймын» – Қасым-Жомарт Тоқаев

85
көрілім
Фотосурет kz.kursiv.media

Бұл туралы Президент Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты XXXIII сессиясы отырысында  жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Президенттің ойынша, сын сағатта жұдырықтай жұмылған жұрт осы қалпында өрлеу, жаңғыру кезеңіне қадам басады.
– Бәріміз – бір елдің азаматымыз. Тарих тоғыстырған тағдырымыз – бір, сеніммен қадам басатын келешегіміз – бір. Біз біртұтас ұлт ретінде әрдайым бабалар аманатына адал боламыз. Қасиетті қара шаңырағымыз – Қазақстанның жарқын болашағын бірге жасаймыз. Біздің мақсатымыз – айқын, бұл – Әділетті Қазақстанды құру.
Мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін қорғауды Президент ретіндегі ең басты міндетім деп санаймын. Осы қастерлі міндет Әділетті Қазақстанды құру және белсенді әрі сындарлы сыртқы саясат жүргізу арқылы ғана орындалады. Биік мақсатқа жету үшін түрлі кедергіден өтеміз, барлық қиындықты жеңеміз. Ауқымды міндеттерді орындаймыз. Біз еліміздің басты құндылықтары мен бағыт-бағдарынан айнымаймыз. Мемлекеттілігімізді нығайтып, тәуелсіздік туын әрдайым биік ұстаймыз. Мен бұған нық сенемін және сол үшін бәрін жасаймын. Бұл – менің президенттік әрі перзенттік парызым. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деді Мемлекет басшысы.