Тұрғындарға еңбек демалысы кезінде өзіне тиесілі қаруды полицияға уақытша тапсырып кетуге болады

297
көрілім
neruchi.com

Облыс орталығының тұрғындарына еңбек демалысы кезінде өзіне тиесілі қаруды полицияға уақытша тапсырып кету ұсынылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері қаруды уақытша сақтауға дайын.

- Оқ ататын қаруы бар тұрғындардан еңбек демалысы уақытында демалысқа, саяжайға, іссапарға немесе емделуге кетсе, қаруларын ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне уақытша сақтауға тапсырып кетулерін сұраймыз. Бұған сәйкесінше құжаттар ресімделеді, - деп хабарлады Өскемен қаласы ІІБ баспасөз қызметі.

Сақтау уақыты шектелмейді.

Барлық сұрақтар бойынша Қабанбай батыр көшесі, 152 үй, №101, 102 кабинет (телефондары: 23-27-16, 23-27-86) мекенжайындағы Өскемен қаласының ІІБ бөліміне, Стаханов көшесі, 2 үй (телефондары: 23-20-53) мекенжайындағы Үлбі немесе Өтепов көшесі, 2а (телефондары: 23-22-30) мекенжайында орналасқан Солжағалау полиция бөлімшелеріне хабарласуға болады.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ