Уақыты ұзарады

258
көрілім
Ирина Плотникова

"Өскемен-Зырян" автожолының Осинов асуындағы 18 шақырымдық төте жол құрылысының аяқталу мерзімі кешеуілдеуі мүмкін, деп хабарлайды YK-news.kz сайты.

53-ші шақырымында бөлініп, 71-ші шақырымында қайта қосылатын автожолдың бойына ұзындығы 177, биіктігі 40 метрлік темір-бетон көпір салынады.

- Құрылыс мерзімінен кешігуі мүмкін. Өйткені аталмыш көпір мемлекеттік орман қоры аумағынан өтеді. Ал көпірді салу 20 айға созылатын іс. Егер жер "ҚазАвтоЖол" балансына берілмесе нысанды қолданысқа беру уақыты 2020 - жылдан 2021 - жылға қарай шегерілуі мүмкін, - деп хабарлады «BI Road Construction» ЖШС басқарма төрағасының құрылыс бойынша орынбасары Дархан Рахымов.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ