Заңға сәйкес зейнеткерлікке қашан шыға аламын?

616
көрілім
1961 жылы дүниеге келгенмін. 1979 жылдан бері еңбек өтілім бар. Әр жылдары әр түрлі мекемелерде жұмыс істедім. Білгім келгені, осы жаспен, осы еңбек өтілімен қашан зейнетке шығамын? Осы еңбек өтілімен зейнетақымның мөлшері шамамен қанша сомада болады?

Бақытжан Қ., Зайсан ауданы

Сіздің сұрағыңызға Еңбек, әлеуметтік қорғау, және көші-қон комитетінің ШҚО бойынша департамент басшысы Болат Сатеков жауап берді:

2013 жылдың 21 маусымында ҚР №105-V «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес, зейнетақы төлемдері ер адамдарға 63 жасқа, әйел адамдарға 58 жасқа толғанда тағайындалады. Заң талабына сай, әйел адамдарға зейнетақы тағайындау келесідей жүргізіледі:

2018 жылдың 1-ші қаңтарынан – 58,5 жастан;

2019 жылдың 1-ші қаңтарынан – 59 жастан;

2020 жылдың 1-ші қаңтарынан – 59,5 жастан;

2021 жылдың 1-ші қаңтарынан – 60 жастан;

2022 жылдың 1-ші қаңтарынан – 60,5 жастан;

2023 жылдың 1-ші қаңтарынан – 61 жастан;

2024 жылдың 1-ші қаңтарынан – 61,5 жастан;

2025 жылдың 1-ші қаңтарынан – 62 жастан;

2026 жылдың 1-ші қаңтарынан – 62,5 жастан;

2027 жылдың 1-ші қаңтарынан – 63 жастан бастап тағайындалатын болады.

Аталған азаматша 1961 жылдың 10-сәуірінде дүниеге келген болса, зейнетақы тағайындау құқығы 2020 жылдың 10-қазанында, яғни 59,5 жасында туындайтын болады. Зейнетақы мөлшері әр адамға жеке-жеке 01.01.1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен орташа табыс мөлшеріне сәйкес тағайындалады. Зейнетақы төлемдерін толық көлемінде есептеу орташа айлық кірістің 60 пайызы есебінен жүргізіледі.

Мейрамбек Қосажан