Жақсылық Омар: биыл Өскеменге бес трамвай сатып алынады

1278
көрілім
Шартты сурет

Облыс орталығында өткен жиында қала әкімі қоғамдық көлік мәселесін сөз етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осыған дейін атқарылған жұмыстарға бір тоқталып, алдағы жоспарымен де бөлісті.
- Сәтін салса, биыл 55 жаңа автобус сатып алынбақ. Одан бөлек, тағы бес жаңа трамвай жеткізілмек. Қыркүйекке дейін біржақты қылмақпыз, бұл да тарихи сәт болары сөзсіз. Себебі, 75 жылдан бері қаламызға трамвай сатып алынбаған болатын, - деді Жақсылық Мұқашұлы.