Жалған арыз жазып сотталды

368
көрілім
Шартты сурет

Өскемен тұрғыны зорлады деп жалған жала жапқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қала тұрғыны бұрынғы бірге тұрған ғашығын үйіне шақырған. Кейін ол сол ер адамнан өз әйелін тастап, оған қайта оралуын өтінгенмен, ер адам бұл талабынан бас тартқан.

Бұл әрекеті ұнамағандықтан келіншек полицияға барып, бұрынғы серіктесі зорлады деп арыз жазған.

Ақырында өтіріктің арты ашылып, арызданушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жасалды. Нәтижесінде сот қала тұрғынын Қылмыстық кодекстің 419-бабының 3-бөлігі (сыбайлас жемқорлық, келесі тараптың жағына жалған жала жабу, ауыр қылмыс) бойынша кінәлі деп таныды. Әйел үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.