Жаңа тағайындау

265
көрілім

ШҚО ветеринария басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Аймақ басшысының өкімімен аталған қызметке осыған дейін Көкпекті ауданын басқарған Сағындықов Рамиль Нығметжанұлы тағайындалды, деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Рамиль Сағындықов 1967 жылы наурыздың 26 күні Семей облысы Көкпекті ауданының Көкпекті ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын «Ветеринар-дәрігер» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1991 жылы Көкпекті ауданындағы «Шегелек» совхозында №3 фермада мал дәрігері қызметінен бастады. Бірнеше жыл ішінде «Шегелек» ЖШС-нің бас мал дәрігері болды. 2000 жылдан «Шегелек LTD» ЖШС басқарды. 2010 жылдың тамызында Көкпекті ауданының Үлкенбөкен ауылдық округі әкімі міндетін атқарушы, кейін әкімі болып тағайындалды. 2011 жылы Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары, ал 2015 жылдан бастап Көкпекті ауданының әкімі лауазымында қызмет етті.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ