Жарма ауданында 3,5 тоннаға жуық темір ұрлағандар ұсталды

1681
көрілім
Шартты фотосурет

Сәуір айының соңында Жарма аудандық полиция бөліміне өңірдегі ЖШС директорларының бірінен арыз түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 Серіктестік басшысы белгісіз біреулер күзетілетін аумақтан 3400 келі металл сынықтарын ұрлап кеткендігіне шағымданды. Келтірілген шығын мөлшері 312 800 теңгені құрады.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері жедел ізге түсумен 26, 28 және 48 жастағы үш ер адамды анықтап жеткізді. Тергеу барысында олардың біреуінің бұрын сотталғаны анықтап, жауап алу барысында күдіктілер кінәларын мойындады. Іс бойынша металл сынықтары алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.