Жұлдыз-жорамал 15-21 шілде аралығында

411
көрілім

Тоқты
Салмағы ауыр Тоқтылар осы кезде диета ұстаса жөн болар еді. Жаз кезінде бұл өте тиімді. Депрессияға ұшырауға жол бермеңіз. Неғұрлым сабырлы, салауатты болыңыз. 21 шілде күні маңызды кездесуге дайын болыңыз.
Торпақ
Бәлкім сіз осы кезде екі оттың ортасында қаларсыз. Десе де өздігіңізден шешім қабылдамаңыз. Неғұрлым ұстамды болып, ақша жағына абай болыңыз. Жаман мінез танытпаңыз. Жұмыста да аса сақ болыңыз. Басшылық сіздің аяқ алысыңызды бақылап отыр.
Егіздер
Шілденің 18-21 күндері сізді тосынсый күтіп тұр. Соған қалай қол жеткізуді ойластырыңыз. Жаңа жетістіктерге жету үшін күш-қуат жинап алыңыз. Жөндеу жұмыстарын, тазалық шараларын жүргізуге қолайлы емес.
Шаян
Тау қопарар күш-қуат пайда болмақ сізде. Дәл қазір аса маңызды мәселелерді шешумен айналысу керек. Денсаулық жағдайыңызды да ұмытпаңыз: медициналық тексеруден өтіңіз. Балаларға абай болыңыз!
Арыстан
Бұл аптада өз пікіріңізді дәлелдеп бағу үшін неше мәрте қызылкеңірдек болып сөз таластырасыз. Елдің айтқан өсек-аяңына құлақ салмаңыз. Онан да өз адами қасиеттеріңізді дамытуға күш салыңыз.
Бикеш
Отбасыңызда жарасымды бір ахуал қалыптасады. Сіз енді өмірдің сан саласына басқаша көзқараспен қарай бастайсыз. Мәселен күнделікті тіршілік мәселелерімен айналысыңыз. Басшылықтың назарына ілігуге тырысыңыз. 19 шілде – сіз үшін сәтті күн.
Таразы
Ішкі түйсігіңіз кейде сәйкес келмеуі мүмкін. Даулы мәселе болса білікті адамдардан ақыл-кеңес сұраңыз. Қозғалмайтын мүлікке қатысты кез келген келісімге қол қою – тиімді.
Сарышаян
Арқаны кеңге салатын кез келді: іс бітті, мәселе шешілді. Осы кезде мүмкіндігінше пайдаланып қалыңыз. 20-21 шілде күндері сұлулық салонына барыңыз.
Мерген
Сіздің екінші жартыңыз, соңыңызға аңду қоюы мүмкін. Сақ болыңыз. Мергендер бұл аптада ғашығын жолықтырып, махаббат қызық күндерді басынан өткермек. Жүрек қан тамырлары ауыратын Мергендер сақ болғандары жөн. Денсаулығыңызға көбірек көңіл бөліңіз.
Тауешкі
Ішіңіздегі бар өкпе-наз, ашуыңызды сыртқа шығарып алыңыз. Тек мұны жақын адамдарыңыздан алшақтау жерде. 19-21 шілдеде қомақты сауда жасайсыз. Алайда осы аптаға    кредит алудан сақ болыңыз. Кейін оның өтеуі қиын болмақ.
Суқұйғыш
Сіз өзіңіз жоспарлағандай ақшаны ала алмайсыз. Ал басқа салаға жолыңыз болғыш келеді. Қаладан тысқары шығу сізге тек сергектік сыйлайды. Жақындарыңызбен жақсы қарым-қатынаста болыңыз.
Балықтар
Ақырында сіздің көшеде де бір мейрам болды-ау! Мәнсабыңыз өсе ме, толағай пайдаға кенелесіз бе, әйтеуір жақсылық болмақ. Қаражат жинауға қолайлы кезең. Тиімді байланыс орнатудың сәтті кезеңі. Осыған дайын болыңыз.