06 - 12 мамыр аралығына арналған Жұлдыз жорамал

432
көрілім

Тоқты

Бұл аптада тоқтылардың үйлеріне кіріс кіріп, қомақты қаржыға ие болуы мүмкін. Бұған әсіресе аптаның бірінші жартысы жағдай жасамақ. Сонымен қатар кәсіби салада да жолы болып, бірқатар істің басын қайырады.

Торпақ

Бұл аптада болашақта пайдасы тиетін ықпалды адамдармен танысуыңыз ықтимал. Басы бос торпақтар өмірлік серіктерін де кездестіріп қалуы ғажап емес. Ең бастысы қай кезде болмасын ішкі түйсігіңізге сеніңіз.

Егіздер

Біраз кідіріс жасап, өміріңізді саралаңыз. Өзіңіздің таңдаған бағытыңыздың дұрыс-бұрыстығын анықтаңыз. Бұл апта жұмыс орныңызды ауыстырып, жаңа серіктестер табуға қолайлы кезең болмақ.

Шаян

Шаяндар үшін өте қолайлы кезең. Туған-туыстарыңыз көңіліңізді қуантып, жұмыс орныңызда лауазымыңыз, я болмаса жалақыңыз көтерілуі мүмкін. Кез-келген нәрсеге ұсақ-түйек деп қарамаңыз басты тетік соларда болуы мүмкін.

Арыстан

Бұл аптада белсенділігіңіз өте жоғары деңгейде болмақ. Бұл сәтті жұмыстағы және тұрмыстық мәселелерді шешуге арнаңыз. Жылжымайтын мүлікке қатысты мәселелерді кейінге қалдырғаныңыз абзал.

Бикеш

Айналаңыздағы адамдар сізге қырын қарап қалуы ықтимал. Мұндай кездері тек өз-өзіңізге ғана сеніңіз. Көбірек демалып, көңіліңізге жағатын істермен айналысыңыз. Апта соңына қарай пайдалы ұсыныс жасалуы мүмкін.

Таразы

Бұл аптада көңіл-күйіңіз біраз жабырқаулы болуы мүмкін. Кей кездері тіпті өзіңізді ештеңеге шамасы келмейтін адам сияқты сезінуіңіз мүмкін. Дегенмен, салыңыз суға кетпесін, өзіңізді қолға алып, жаңа істер бастаңыз.

Сарышаян

Ішкі түйсігіңізге сенетін апта. Бұл уақытта айналаңыздағылардың ішінде кімнің — дос, кімнің қас екені айшықталады. Апта ішінде кіші-гірім қаржылық қиындығы туындауы мүмкін. Дегенмен ол ұзаққа созылмайды.

Мерген

Жұмысты ұмытып арқаңызды кеңге салатын кез келген сияқты. Мәселелер кейін ысырылып, айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңыз жақсарады. Апта кіші-гірім саяхат жасауға өте қолайлы.

Тауешкі

Жұмысбастылыққа салынып, отбасына қарауға мұршаңыз болмауы мүмкін. Бұл өз кезегінде үй ішіңізде кіші-гірім келіспеушілікке әкелуі ықтимал. Ең бастысы уақытында кейін шегіне біліңіз. Денсаулығыңызды күтіңіз.

Суқұйғыш

Бойыңыздағы кері энергияны іште сақтамаңыз. Сыртқа шығарыңыз, бірақ өзгелерге емес. „Таз өшін тырнадан аладының„ кебін кимей кернеген ашуды көшеге шығып серуендеп шығарыңыз.

Балықтар

Көптен күткен кебір үмітіңіз ақталмауы мүмкін. Ең бастысы үмітті үзбеңіз. Бұл аптада дәрігер қарауына барып, медициналық тексерістерден өтіңіз. Уақытыңызды достарыңыз бен жақын адамдарыңызға бөліңіз.