12-18 мамыр аралығына арналған жұлдыз-жорамал

1425
көрілім

Тоқты

Жуық арада орындалып қалады-ау деп құрған жоспарыңыз аяқасты жоққа шығуы мүмкін. Жақын адамдарыңыз жалған ақпарат айтып, істі одан әрмен насырға шаптырады. Қаржылық мәселелерге келгенде асқан жинақылық танытыңыз.

Торпақ

Шамаңыз жетпейтін тапсырмаларды орындаймын деп титықтап қалмаңыз. Артық нәрселер айтып, шеңберіңізден шығаруға тырысатындарды елемеуге тырысыңыз. Жаңа жобаны жүзеге асыру үшін ақша құйсаңыз желге ұшпауын қадағалаңыз.

Егіздер

Кейде бар тірлікті бір бөлмеге қамап, есігін тарс еткізіп жапқыңыз келеді. Жауапкершілігі мол тапсырмалардан толықтай құтылудың сәті түспесе де, негізгі жұмыстарыңызды біржақты етуге мүмкіндігіңіз мол.

Шаян

Ешнәрсеге үлгермейтін сияқтысыз. Кей тұрғыдан алып қарағанда солай екені рас, сол себепті әр басқан қадамыңыз нық болғай. Соңғы уақытта бала-шағаңызға көңіл бөле алмай жүргеніңізді ұмытпаңыз.

Арыстан

Қазір барлығы бірқалыпты, ауыз толтырып айтарлық өзгерістер жоқ. Ешқандай да алдап соғу сынды қитұрқылық болмайды, еңбегіңіздің еленетін уақыты келді. Кикілжің болып қалмас үшін сүйіктіңізбен кейбір жайттардың басын ашып алыңыз.

Бикеш

Өзіңіз үшін жемісті де жеңісті апта. Үйде ешбір жұмысқа үлгермегеніңізбен жұмыста сіз бағындырған белес қалмайды. Қосымша табыс жағы да көп күттірмейді: апта соңына қарай қалтаңыз қампайып қалуы мүмкін.

Таразы

Сүйіктіңізге көңіл бөлмегелі көп болған сияқты. Бәлкім, романтикалық кеш ұйымдастырып көрерсіз? Бұл уақытта өткен өміріңізден әлдекім төбе көрсетіп, небір қызық оқиғаларға жетелеп әкетуі ғажап емес.

Сарышаян

Тез арада қол жеткізгіңіз келіп жүрген қомақты қаржы көп күттірмей әмияныңыздан табылады. Барынша орнымен жұмсауға тырысыңыз. Алыс сапарға баруға ұсыныс түссе бас тартпаңыз: бәлкім жұмыс арасында тынығып алудың сәті түседі.

Мерген

Барлығы өзіңіз қалағандай болмайтыны белгілі. Жоспарлаған қадамыңыз оңынан болмай жатса еш қапаланбаңыз. Жеке өміріңізде әсіре сақ болыңыз: қолының сұғанағы барлар ту сыртыңыздан пышақ салуы мүмкін.

Тауешкі

Біреу-міреумен жанжалдасып қалсаңыз татулықтың туын көтеруге өзіңіз бірінші қадам басыңыз. Қазір ешкіммен кикілжіңге барудың реті жоқ. Жұмыста басшылық күрделі тапсырмалар жүктейді.

Суқұйғыш

Қазір сізді уайым иіріміне тартып әкететін жайт – қобалжу мен қорқыныш. Бір нәрсені бастасаңыз кейін еш өкінбеңіз, әр қателік өмірлік тәжірибе жинауыңызға себепші. Жаңа таныстық орнатсаңыз, мінез-құлқын барлап шыққаныңыз ләзім.

Балықтар

Бауыр еті балаңыз шалдуарлық танытып, жиі еркелесе сабыр суыңызды сарқып алмаңыз. Жалғызбасты Балықтар апта соңына қарай өмірлік серігін жолықтырып қалулары әбден мүмкін. Демалыс күндері достарыңызбен бас қоссаңыз артық етпейді.