2019 жылғы мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды

399
көрілім

2019 жылғы Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


2019-2020 оқу жылына 53 785 грант бөлінді. Конкурсқа 64 452 түлек қатысты. Мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінің 47%-дан астамы инженерлік, өңдеу және құрылыс, IT-технологиялар саласына бөлінген.
ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, байқау нәтижесін Ұлттық тестілеу орталығы, «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда» сайттарында және «Байқаудың нәтижесін біл (Узнай результаты конкурса)» телеграм-ботта көруге болады.