2021 жылы ШҚО мектептерінің IT мамандары әлемдік деңгейге шығуы керек

279
көрілім

Облыс әкімі Даниал Ахметов екі жыл ішінде орта мектептердегі жоғары технологияны дамытуды әлемдік стандарттар деңгейіне шығару міндетін қойды. Аймақ басшысының айтуынша, мұнда ол үшін барлық жағдай жасалған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда мыңдаған IT сыныптарын ашу міндетін қойды. Біздің өңірде қазірдің өзінде 655 сынып ашылған. Мектеп оқушылары бағдарламаларды жасау мен қалыптастыруда үлкен жетістіктерге жетіп үлгерді.

-Мәселен балалар ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыруды және бағдарламалауды үйренді, - дейді облыстық Білім басқармасының бастығы Сайрангүл Жұмаділова облыс әкімдігінде өткен жиында. - Жыл сайын фестивальдар өтіп, онда IT-сынып оқушылары осы саладағы жетістіктерін көрсетеді. Биыл IT-фестиваліне 110 жоба қатысты. Олардың ішіндегі ең үздіктері Дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жалпы сомасы 10,6 млн теңге болатын облыс әкімінің грантымен марапатталған барлық жобалар сәтті жүзеге асты.

Облыс әкімі білім беруді цифрландыру саласындағы жетістіктерге жоғары баға беріп, алға жаңа мақсаттар қойды.

- Негізгі міндет - бағдарлама зерттеулерінің әлемдік стандарттарға сай болуын қамтамасыз ету, - деді Даниал Ахметов. - Бізде жүрексінетін ештеңе жоқ! Біздің балалар мұны игере алады. Мектеп бағдарламасында оқитын оқушылар іс жүзінде нағыз маман болып шығуы керек. Демек, 2021 жыл – әлемдік орташа деңгей бағдарламасына ену жылы.