20 жыл күткен жаңалық

525
көрілім

Үржар ауданының Мақаншы ауылында жаңа мектеп салынуда. Ауылдықтар 20 жыл күткен жаңа мектеп алдағы күзде есігін айқара ашпақ, деп хабарлайды газет тілшісі ШҚО Аймақтық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде үш білім ордасы жұмыс істейтін Мақаншыдағы жаңа мектеп 320 орындық болмақ. Жаңа ғимарат осыған дейін балабақшаның ескі ғимаратында орналасқан ескі мектепті алмастырмақ. Жаңа мектеп жеті корпустан, жеке спортзал мен стадионнан тұратын болады. Мердігерлердің айтуынша, құрылыс орнында жұмыс істеп жатқан жүзден астам жұмысшы құрылыс қарқынын 2,5 айға ілгерлеткен.

- 1 қыркүйекке дейін үлгерсеңіздер жақсы болар еді. Дегенмен бірінші кезекте сапаға көңіл аударыңыздар. Асығамыз деп ағаттық жіберіп алмаңыздар, өйткені бұл мектеп - балаларымыздың болашағы, - деді осы өңірге жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Даниал Ахметов.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ