24-30 мамыр аралығына арналған жұлдыз-жорамал

427
көрілім
Шартты фотосурет

Тоқты

Мүмкіндік болса шулы жерден іргеңізді аулақ салып, тыныштық құшағына еніңіз. Жүзеге аспай жатқан жоспарыңызды ойлап, таусыла берудің қажеті жоқ. Асығыс әрекет жасамасаңыз ертелі-кеш барлығына қол жеткізесіз.

Торпақ

Ұмытылмас апта болғалы тұр. Басты жаңалық махаббат шеңберінде көрініс берсе, қаржылық мәселелер қалтаңызды біршама қаға түспек. Сол себепті екі жақ «майданда» жүріп, күш-қуатыңызды сарқып алмаңыз.

Егіздер

Ұсақ-түйек тірліктерден бастап үйдегі жөндеу жұмыстарына дейін қарбаласып, уақытыңызды түгелдей сол жаққа жұмсайсыз. «Жалғыздың үні шықпас» демекші, бар шаруаны бір өзіңіз тындырамын деп титықтап қалып жүрмеңіз.

Шаян

Нендей жайт болса да асығыңыз алшысынан түсіп, көпшілік назарын өзіңізге аударасыз. Осы қарқынды түсірмеңіз. Мәнсап жолыңызда өрлеудің сәті түсіп, қомақты қаржыға ие болуыңыз да ғажап емес.

Арыстан

Жұлдыздар түрлі кедергілер ұшырасып, кейбір мәселелеріңіздің сол күйі шешімін таппайтынын болжауда. Мұндайда отбасыңыздың амандығын бірінші орынға қойсаңыз бір сәт қиындық құрсауынан құтылғандай боласыз.

Бикеш

Жұлдызды сәтіңіз енді туындайды. Шығармашылық тұрғыдағы сәтті кезең, сүйіктіңізді жолықтыру және жаңа таныстық – үлкен өмірде де сізді алға жетелеумен болады. Іскерлік қарым-қатынас орнату да еш артық етпейді.

Таразы

Әуресі мол әрі асқан жауапкершілікті қажет ететін тапсырмаларды орындауға әзір болыңыз. Дегенмен соның ақысын алу үшін біршама уақыт күтуге тура келеді. Не де болса соңына дейін күткеніңіз жөн: есесіне еңбегіңіз еселеп ескерілмек.

Сарышаян

Көр де тұрыңыз, мамыр айының соңында мүлде күтпеген қоңырау түседі. Бәлкім, соншама жыл көріспеген сыныптасыңыз болар. Көмек сұраса қолұшын беруден қашпаңыз, тек қарызға ақша сұраса, жақсылап ойланыңыз.

Мерген

Кейде томаға тұйық болудың да пайдасы зор. Көпшілік әрнені сұрап, мазаңызды алмайды. Одан қалса сырттай жүріп жатқан өсек-аяңдардан да құлағыңыз тыныш болады. Қарбаласпен жүріп, денсаулығыңызға мән беруді ұмытпаңыз.

Тауешкі

Аптаның алғашқы жартысы қаржылық мәселелерді реттеп алуға қолайлы. Іскерлік кездесулер жемісін беріп, қайда барсаңыз да жолыңыз ашыла түседі. Ал бейсенбі, жұма күндері бейтаныс адамдардың сан соқтырып кетуінен сақ болыңыз.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар дәрумені мол тағамдар тұтынып, алдағы күндерін абыроймен өткізу үшін осы бастан әзірленуді құп көреді. Қадамыңызды қай бағытта жасасаңыз да сәттілік серігіңізге айналады. Қазір қолда бар ақшаңызды үнемдеп жұмсағаныңыз жөн.

Балықтар

Қазір қай жұмысты қолға алсаңыз да бабыңыз келісіп тұр. Тек болмашы жерден сүрініп кетсеңіз, салыңыз суға кетпесін. Сүрінбейтін тұяқ жоқ. Алыс жолға шыққанда темір тұлпарыңыздың жағдайын бағамдап алғаныңыз жөн.