29 желтоқсанда Шығыс Қазақстанда қатты жел, жауын-шашын мен көктайғақ күтіледі

179
көрілім
Фото:tolqyn.kz сайтынан


 «Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша күндіз 29 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемен қаласында күндіз көктайғақ күтіледі, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.
Халық елді мекендерден тыс жерлерге барудан бас тартуы керек.  Дауыл туралы ескертуді назардан тыс қалдырмаңыз. Егер шығу қажет болса, жол жағдайын нақтылаңыз-мұны "Дармен" тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы жасауға болады. Сондай – ақ, Республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйі туралы 26-28-08, облыстық-57-42-52 телефондары арқылы нақтылауға болады.
Жаяу жүргіншілерге көшелер мен жолдарды кесіп өту кезінде өте мұқият болу керек және жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін шаралар қабылдау керек. Көлік құралдарының жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және қашықтықты қатаң сақтау керек.
Жаяу жүргіншілер, көктайғақта құлау ықтималдығын азайту үшін келесі ережелерді сақтау қажет:
-биік өкшелі туфлиден бас тартып, тайғақ емес аяқ киімді алыңыз,  аяғыңыздың астына қараңыз, қауіпті жерлерді, әсіресе көлбеу бетті айналып өтуге тырысыңыз,  қолдар мүмкіндігінше бос болуы керек, ауыр сөмкелерді алып жүрмеуге тырысыңыз, қолдарыңызды қалтаңызда ұстамаңыз,  егде жастағы адамдарға резеңке ұшты таяқшаны немесе тікенектері бар арнайы таяқшаны пайдалану ұсынылады,  асықпау үшін уақыт қорына ие болыңыз.
Желдің екпіні кезінде жарнама қалқандардың, автобус аялдамаларының, ағаштардың, электр желілерінің, металл қоршаулардың артына тығылмаңыз. Автокөлікті ағаштардың, жарнама құрылымдардың, электр желілерінің астына тұраққа қоймаңыз.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде «112» телефоны бойынша хабарлаңыз.