ШҚО туристік бренді әлемдік ақпараттық кеңістікті бағындырды

365
көрілім

 Өңіріміздегі қысқы туризм нысандары әлемге әйгілі телеарнаның тақырыбына айналды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Алдағы уақытта Риддер қаласын BBC арнасынан көруге болады. Бұл туралы облыс әкімдігінің отырысында ШҚО туризм басқармасының басшысы Марат Қабақов мәлімдеді.

- Биыл Риддер қаласында шетелдік режиссерлер қысқы туризм нысандары туралы деректі фильм түсірді, - дейді Марат Қабақов. - Телебағдарлама BBC арнасынан 2020 жылдың қаңтар айында шығады.