ШҚО-да жел екпіні күшейеді

436
көрілім
Шартты фотосурет

Атлантикалық циклонның әсерінен республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығы мен шығысында қар жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Мамандар болжамынша, өзге өңірлерде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі және жаяу бұрқасын күтіледі.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с-ке жетеді деп күтілуде.