Адамзаттың бір дерті бар бөліну деген

2891
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Конфессияаралық, рулық, мәдениетаралық, қоғамдық сияқты бөліктер сонау заманнан бері бүкіл әлемде болып жатқаны барлығымызға мағлұм. Оның басты себебі - сараңдық. Сараңдық іштарлықтың, көреалмаушылықтың, күншілдіктің бастауы. Бір-бірін күндеген қоғам бүлік шығаруға үйір келеді. Басқаның көтеріліп көргенде күншілдіктен іші жарылған адам қалай ғана ақылға келеді? Әсте, бұл һәм тұлғаны, һәм де қоғамды іштен жейтұғын ауыр дерт. Осы күншілдік пен бөліну бәйгесінде біздің қоғамымыз да өкінішке орай, қапы қалмады. Жалпы әлемдік коронвирус індеті бүкіл халықтарды, әлеуметтік топтарды, мәдениеттерді, жалпы адамзатты бір-бірінен алшақтатқандықтан дүниежүзінде туыстық қатынастың әлсіреуіне әкелді. Туыстық қатынас жоқ жерде адам баласы тек өз айналысындағы қоғамның шеңберінде ғана қалуда.

Елімізде соңғы жылдары қала мен ауыл, бай мен кедей (әлеуметтік бөліну), тіларалық, халық пен билік және т.б қоғамдық бөлінудің бірнеше түрі болған еді. Енді, бұл мәселені көтеру - еліміз үшін маңызды тақырып болып қалуда. Бір-бірімен дүние-билікке таласып, ақырында күндері басқа елге қарап қалған халықтар тарихта аз емес. Біріншіден қала мен ауыл арасындағы бөлінудің шын мәнісінде арзандығы мен түкке тұрмайтындығы жайлы сөз қозғамақ керек. Кез-келген қазақтың ауылда тұратын ағайын-туысы, дәл сол сықылды ауыл адамдарының қалада тұратын жақындары,туыстары мен таныстары бар. Бұл жағдай қазақ халқының бірлгі мен туыстығын көрсетіп, тұратын мекен-жайының әр түрлі жерде екендігін ғана айқындап тұр. Бір-біріміздің үйімізге келіп ақ дастарханның басында: «Әй, сендер ауылда тұрасыңдар, я болмаса қаладан неғып келдіңдер?» деп бөлінуіміз керек па? Бұл ақылға сыймайтын күлкілі жағдай. Ауылда тұратын ата-әжемізді менсінбей, қаладағы отбасымен ағаларымызды көре алмағандығымыз ба, тегі? Бөлінудің соңы қандай теріс нәтижеге әкеліп соғу мүмкін екені өткен тарихтың 20-шы ғасырында көрсетілген болатын. Жетпіс жылдық бодандықпен бетпе-бет келдік. Осы жағдайды қайталатпау әр азаматтың парызы. Ол үшін cөйлеген тіліне, тұратын жеріне, әлеуметтік деңгейіне, істейтін қызметіне қарамастан қазақтың бір атадан тарағанын есте сақтап сыйластық жолын ашуымыз керек.

Ана тіліміз ғылыми, ресми, саяси тұрғыда әлемдік деңгейдегі тілге айналмай, кітаптар шығарылып, қазақ ғылымы көтерілмей кенжелеп қала бермек. Біздің жұрт үшін екі тілді жетік меңгеру әдепкі тірлік секілді. Дегенмен бір тілге ғана «қадалып қалған» қоғамымыз бар. Екі тілді де үйреніп, байлығын түсініп алу - шынымен де үлкен ақылдың көрсеткіші. Кезінде Абай атамыз «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп бекер айтпаған болатын. Ұлттық рухты көтеру - басқа тілдер мен мәдениеттерді құртумен емес, ана тілімізді, тарихымызды дамытумен жүзеге асырылады.
Ана тіліміздің байлығын жоғалтпай, өңін қаштырмай,берекесін кетірмей, дәрежесін түсірмей, боқ-ауыз сөзін қолданбай сөйлеген жағдайда, айналада қазақ тілін үйренгісі келмейтін адам қалар м-еді? Әй, қалмайды-ау! Әуелі өзімізді, сөзімізді, жүріс-тұрысымызды жақсы жаққа өзгертпек керек, сол кезде ғана жетістікке жетеміз. Үшінші, қоғамда кеңінен таралған ауқымды мәселердің бірі ұлтаралық бөліну. Әлемде тек бір ұлт өкілі болып тұратын дамыған мемлекет өте аз. Мәселен, Түркия елінде түріктердің үлесі 70-75%, Ресейде орыстардың пайыздық үлесі 80%, Америка Құрама Штаттарының халқы еуропоидтық нәсіл басым болып келетін әр түрлі ұлт өкілдерінен тұратын гетерогендік қоғам. Бұл құбылыстың сыры ұлттар бір-бірін танып жақсы жақтарын үйренуінде жатыр. Тіл білудің пайдасы мен қажеттілігін хакім Абай өзінің 25-ші қара сөзінде де жазды.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, қоғамның бөлінуі ұлттардың дамымай артта қалып кетуне, тіпті, тарих сахнасынан жойлуына әкелетін дерт. Өзара тартысып, бір-біріміздің етімізді жесек, бағытымыздың сол күйі айқындалмай кететін түрі бар.

2-ші тақырып

Асты үстіне шыққан заманда…Екі аяғын басып келе жатқан надан, ат тұяғымен шауып келе жатқаннан үстем болар

Асты үстіне шыққан заманда…

Ақпарат келеді ғылымның орнына,

Баурап алады жердің бетін торына.

Сол желіні басқарып отырғандар,

Жинайды жасыл ақшасын қорына.
 

Орнатқызып желінің қуысына,

Ұстайды адамзатты уысында.

Күні-түні желіде отырған адам,

Ұмытып кетед өзінің туысын да.
 

Асты үстіне шыққан заманда,

Естілмейді Құран үні азанда.

Адамдар аяқ-үсті жеп ішіп,

Ауқат пісіп жатпайд қазанда.
 

Бала шығады әкенің басына,

Қарсы сөйлейді келіп қасына.

Ойнастық істейді қариялар

Қарамай, ақ сақалды жасына.
 

Надан келіп төр менікі дейді,

Үлкенің болса оған үндемейді.

Бұрыс қадам басып жүрген,

Дұрыс адам болуды үндейді.

 

Ағайындар бір-бірін күндейді,

Қатынасып қонаққа келмейді.

Бір анадан туған іні-бауырына,

Сәлем беруге көкірегі бермейді
 

Салады зәулім үйді қойшылар,

Азайып ғалым мен ойшылдар.

Күнін түнге ауыстырып алған,

Жүреді қаңғырбас, тойшылдар.

 

Қатынастар көбейеді некесіз,

Жетімдер бой жетеді әкесіз.

Жеті атасы мен тегін білмеген

Болады келер ұрпақ жетесіз.

 

Уа! Жаратқан ием, оңдасын,

Бастаған әр ісімді қолдасын!

Әлемдегі барша адамзатты,

Азғырған заманнан сақтасын!