Алакөлде алты ірі жоба іске асады

389
көрілім

ШҚО Үржар ауданындағы Алакөл демалыс орнында 6 ірі жоба іске асырылмақ, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайлы ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде айтты.

- Соңғы үш жылда Алакөл жағалауын абаттандыруға және жол жөндеуге облыстық бюджеттен 6,3 млрд теңге бөлінген. Енді алдағы 4 жылда 20 миллиард теңгеге тағы алты ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Біздің мақсат – бұл демалыс орнына келетін туристтердің санын 1 млнға жеткізу, - деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, биыл Үржар ауданының орталығындағы әуежайдың ұшу-қону жолағы қайта жаңартылады. Сонымен қатар Алакөл жағалауына су құбыры жүйесі мен электр желілері тартылмақ.