«Семей орманында» сынап бағанасы -55 градусқа жетті

2345
көрілім
Фотосурет Orda.kz

«Семей орманы» резерваты аумағында соңғы 20 жылда болмаған ең төменгі температура тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілішсі.

Анықталғандай, Батпай орманшылығында термометр бағамы -55 градусқа дейін суықты көрсеткен.
«Семей орманы» ғылым, экологиялық ағарту және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері Айнұр Баймадиеваның мәліметінше, бұндай қатты аяз 2018 жылы болыпты. Бірақ ол кезде -50 градус аяз тіркелген.
Ғылыми қызметкер Үлкенбөкен орманшылығында да күн райы осылай төмендегенін алға тартты.