Этножурналистика саласында «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауы өтеді

366
көрілім
Фото ашық дереккөзден

Байқаудың мақсаты –  этносаралық бірлік пен келісім тақырыбын телеарналарда, интернет ресурстарында және әлеуметтік желілерде кеңінен танымал ету. Байқауға журналистер, бейнеоператорлар, студенттер, мобилографтар, блогерлер және бірегей бейнеконтент жасаумен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
Байқауға мемлекеттік және орыс тілдерінде телеарналарда, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, оның  ішінде  Instagram, YouTube, TikTok, Facebook-те ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 1 қыркүйекке дейін жарияланған бейнероликтер  қабылданады.
Байқау келесі тақырыптық бағыттар бойынша өткізіледі:
    • қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің мәнін ашу;
    • этностар арасында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту;
    • этносаралық және мәдениетаралық коммуникацияларды нығайту;
    • этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған азаматтық қоғам өкілдерінің қызметін жария ету;
    •  құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтық құндылықтарды дамыту.
Байқаудың қорытындысы және үздік жұмыстары/жобалары үшін жеңімпаздарды марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың IV тоқсанында  өтеді.