Алдағы сенбіде облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

318
көрілім

Жәрмеңке 28 желтоқсан күні өтеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Облыс орталығындағы «Freshmarket» фермерлік гастрономының алдында (Сәтпаев даңғылы) өтетін жәрмеңкеге Өскемен қаласының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынатын болады. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал, көкөніс саудаланбақ.

Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни желтоқсан айының 28-і күні сағат 9:00-де басталады.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ