«Алтай-2» волейбол командасы Жоғары лиганың күміс жүлдегері атанды

500
көрілім

23 жасқа дейінгі жастар арасында волейболдан Жоғары лига чемпионаты мәресіне жетіп, үздіктер марапатталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шығысқазақстандық ұжым, яғни «Алтай-2» топ жарған алматылық Буревестник-2 командасына төрт ұпайға ғана жол беріп, жалпы алғанда тамаша ойын өрнегін көрсетті. Қазақстан Республикасының 29-шы чемпионатында қола медаль Атырау-2 волейболшыларына бұйырса, Тараз-2 мен Павлодар-2 ойыншылары 4-5-ші орындарға жайғасты.