«Алтын Сапа» байқауына ШҚО-ның моноқаласындағы кәсіпорын қатысады

316
көрілім

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына ШҚО Курчатов моноқаласынан үміткер болып отырған «Сова» ЖШС-і 1998 жылы құрылған. Бастапқыда ұжым «Қазақтелеком» АҚ құрылымынан қысқарып қалған мамандардан құрылған. Жаңадан құрылған кәсіпорын оларды қиын кезеңде жұмыспен қамтып, тұрғындарға көпбейінді емес және шығына көп болса да радиохабар, 4 хабар тарату арнасына ескірген ұқсамалы жабдықты кабельді телевидение сияқты қызмет түрлерін көрсетті.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасындағы ұйым туралы өндірісті ұйымдастырудағы икемді тарифтік саясат, нарықта сұранысқа ие жаңа қызмет түрлерін дамыту сияқты жаңа тәсіл қолдану арқылы «Сова» ЖШС-ге шығынсыз жұмыс істеуге ғана емес, серіктестіктің техникалық тұрғыда қайта жарақтандырылуына, сол арқылы қызмет көрсету деңгейінің сапасын арттырып, жаңа тұтынушылар тартуға мүмкіндік алғанын айтады.

Бұдан былай радиохабар және кабельді телеарна желісіндегі бағдарламаларды трансляциялау сапасының деңгейі айтарлықтай жоғары және ұсынылған талаптарға сай болып табылады, сондай-ақ қызмет көрсету бағасы қымбат емес болғандықтан, кабельдік телевидениенің арналар жиынтығын орташа табысы бар кез келген орташа статистикалық адам қоса алады.

Сонымен қатар, аталған сыйлыққа үміткер топ қала тұрғындарының күнделікті тұрмыстарына қажетті компьютерде мәтін теріп беру, ксерокөшірме, ламинаттау, кеңсе тауарларын сату, факсимильді хабарлама жіберу және алу, кеңсе тауарлары мен басқа да ілеспе тауарларды сату сияқты бірқатар қызмет түрлерін көрсетеді. Аты аталған қызмет түрлерінің бағасы қымбат емес, сол себепті де қала тұрғындардың сұранысына ие.

«Сова» ЖШС-і өз қаражаты есебінен қалада тұратын ҰОС ардагерлерін радиохабар мен кабельді телевидениемен қамтамасыз етеді. Қалалық мадени-спорттық шаралардың өтуіне қаржылай көмек көрсетеді. Жасөспірім мен ересектерге арналған «Берег» демалыс базасына да бұл ұйым телевизиялық спутниктік антенна орнатып берген және ол үнемі жұмыс жағдайында болып тұрады.

Кәсіпорын директоры Любовь Семенинаның белсенді өмір салтын ұстанатынын, жаңа жобаларды сенімді түрде қолға алып, оны табысты түрде іске асыратын адам екенін тілге тиек ете кету керек.

ШҚО Аймақтық байланыс қызмет