Апаттық жағдайда жұмыс істейді

356
көрілім

Шығыс Қазақстанның бірнеше ауданындағы орта мектеп апаттық жағдайда жұмыс істеуде. Олардың біреуі Тарбағатай, екеуі Күршім ауданында орналасқан.

Дегенмен, өңірімізде үш ауысымда оқитын мектептер саны азайды. Бұған дейін облысымызда Аягөз қаласындағы жалпы білім беретін мектеп қана үш ауысымда оқып келген. 2017 жылы мұнда ҚР Ұлттық қорының қаржыландыруымен 600 орындық жаңа мектеп салынған болатын. Облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының хабарлауынша, жаңа мектеп ғимаратын қолданысқа беру уақыты 2018 жылдың тамыз айына жоспарланған.

Естеріңізге салсақ, қазіргі уақытта облысымызда 3820 орындық 6 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Бұл бес жаңа мектеп пен бір мектепке жалғасқан 300 орындық қосымша ғимарат құрылысы. Биыл олардың үшеуі пайдалануға берілмек.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ