Арбатта аспалы жарық шамдар орнатылды

273
көрілім

Өскемендегі жаяу жүргіншілерге арналған көшеде жұлдызды аспан іспеттес гирлянда ілінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аспалы шам ұзындығы жаяу жүргіншілер аумағын түгел қамтиды. Әкімдік әзірге жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын, бірақ қала күніне дейін іске асатынын айтты.

Сондай-ақ әкімшілік гирлянданың күнделікті жұмыс кестесі туралы жақын арада хабарлайтындарын жеткізді.