Аягөз ауданында 21 жасқа толмаған жасөспірімге ішімдік сатқан кәсіпкер жазаға тартылды

664
көрілім
Шартты фотосурет - FB.ru сайтынан

Аягөз ауданында 21 жасқа толмаған жасөспірімге ішімдік сатқан кәсіпкер жазаға тартылды. Бұл жайлы аудандық соттың іс-материалдарында баяндалған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Кешкі сағат 17.20 шамасында дүкенге келген 1999 жылғы жасөспірім ішімдік сатып алғысы келетінін айтады. 21 жасқа толмаған бозбаланың сұрағанын бере салған жеке кәсіпкер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200-бабының 1-бөлімін бұзған.

Аягөз аудандық сотының шешімімен айыпталушыға 63 652 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, кәсіп иесіне алкоголь өнімдерін бөлшектеп сатуға берілген лицензия бір ай мерзімге тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.