Аягөз ауданында 50 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген

246
көрілім
Шартты фотосурет

Өңірдегі шалғай орналасқан елді мекендерде Жол картасының бағдарламасы аясында 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап 11 ауылдық округте элтектрондық қызмет көрсету орталықтары ашылған болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ауылдық округтер қатарында Ақтоғай, Ақши, Айғыз, Баршатас, Бидайық, Мәдениет, Малкелді, Қосағаш, Өркен, Сарыарқа, Тарбағатай және тағы басқалары бар.

- Аталған ауылдық округтерінде және шекаралас орналасқан басқа да ауылдық округтерінің тұрғындарына ҚР электронды үкіметінің «Еgov» порталы арқылы әртүрлы бағыттағы электронды қызметтер көрсетілуде. Сонымен қатар аталған орталықтарда тұрғындар ЭСҚ алу, электронды транзакциялар жасау сияқты басқа да қызметтер тұтынуда. Барлық орталықтарда 1 штат бірлік консультант қарастырылған. Аягөз ауданы бойынша 2021 жылдың 11 айында орталықтар арқылы барлығы 49048 мемлекеттік қызмет көрсетілген, - делінген мәліметте.

Орташа есеппен барлығы орталықтар арқылы ай сайын 800-900-ға жуық электронды қызмет көрсетілуде.