Аягөз ауданында «Еңбек» бағдарламасы аясында 235 адам қайтарымсыз грантқа ие болды

1384
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы аудан басшылығы ұсынған мәліметте жазылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған бағдарламаның бірінші бағытына сәйкес қысқа мерзімді оқу курстарына облыстық бюджеттен Аягөз ауданына 90 адамға 26234,0 мың теңге қаражат қарастырылды. 2021 жылдың 11 айына «Арғанат» оқу орталығы арқылы 8 мамандықпен оқуға жіберіліп, 90 адам оқуын аяқтады, игерілген қаражат 25616,0 мың теңге.

- Екінші бағыты бойынша бизнес идеяларды іске асыруға арналған жаңа механизмнің ақысыз негізінде 2021 жылға жыл басынан көпбалалы отбасыларға, жастарға, мүгедек жандарға 200 АЕК-ке (583 400 теңге) мемлекеттік гранттар беру қаралып, оған 235 адам өтініш білдірді. Есепті жылдың 11 айында 235 адам қайтарымсызға грант берілді. Оның ішінде:

- Көпбалалы отбасынан - 56

- Аз қамтылған отбасынан – 22

- Мүмкіндігі шектеулі жандардан – 8

- 29 жасқа дейінгі жастардан– 57

- Жұмыссыздардан – 88

- Өзін-өзі қамтығандар -4

Сонымен қатар жыл аяғына дейін қосымша 32 мемлекеттік грант беру көзделуде, жалпы ауданда 267 азаматқа қайтарымсыз қаражат беріледі.

Бағдарламаның үшінші бағытына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындары арқылы 6404,0 мың теңге қаражат бөлініп, 11 айда 29 адам 16 шаруа қожалығына жіберілді. Игерілген қаражат – 5238,0 мың теңге.

- Жастар іс-тәжірибесі арқылы 47 адам тәжірибеден өтіп, 17 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

- Алғашқы жұмыс орны арқылы 4 адам орналастырылды.

- Қоғамдық жұмыс арқылы 516 адам жіберілді.

- Оңтүстік өңірден 9 отбасы 24 адам қоңыс аударды.

- «Жол картасы» бағдарламасы арқылы 15 адам жұмысқа жіберілді, - делінген мәліметте.