Аягөз ауданында көшелерге бейнебақылау орнатуға 120 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді

2201
көрілім
Шартты фотосурет

Биыл қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында Аягөз қаласында көшелерге бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстарына жергілікті бюджеттен 121 692 мың теңге бөлінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұдан бөлек, «Транстелеком» АҚ-мен келісімшарт жасалған.

- Жалпы, Аягөз қаласында жалпы саны 187 бейнебақылау камерасы орнату жоспарлануда. 166 бейнебақылау камералары орнатылуда, оның ішінде:

3 камера – нөмірлерді тану камерасы бар ITC кешендері орнатылады (Аягөз қаласына Алматы, Өскемен және Қарағанды қалаларынан кіреберісте);

45 камера - айналмалы камерасы бар PTZ кешендері орнатылады (37 көше қиылысына, теміржол вокзалы, автовокзал, орталық мешіт, орталық базар және 5 жерде көпбатты тұрғын үйлердің аулаларына);

121 камера - қайтымсыз камерасы бар FIX кешендері 41 жерге орнатылады (34 көше қияылыстарына және 7 көпбатты тұрғын үйлердің аулаларына).

Одан басқа серверлік және коммутациялық жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар 2021 жылдың 25 желтоқсанына дейін аяқталады, - деді аудан басшылығындағылар.