Аягөз ауданында теміржол саласының қызметкерлеріне Алғыс хат табысталды

626
көрілім

Аталған шара желтоқсан айының 14-і күні өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

2021 жылдың 14 желтоқсан күні егемен еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, Аягөз локомотив пайдалану депосының мәжіліс залында  салтанатты жиын өтті. Жиын барысында аудан әкімі С.Ысқақов ауданымыздың теміржол саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлерді құттықтап, Алғыс хаттар табыстады.