Аягөз ауданында Тәуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шара өтті

1847
көрілім

Желтоқсан айының 14-і күні қалалық 4 жалпы білім беретін орта мектепте “Тұғыры биік-Тәуелсіздік” атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұған аудандағы білім беру саласының ардагерлері мен еңбек етіп жүрген ұстаздар қатысты. Шара барысында Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Ысқақов ұстаздарға ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Алғыс хаттарын, ШҚО білім басқармасының құрмет грамоталарын, Алғыс хаттарын және мақтау қағаздарын табыстады.