Аягөз қаласында 58 отбасы пәтер кілтіне ие болды

776
көрілім
Шартты сурет

«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында Аягөз қаласы ет комбинаты ықшам ауданында 58 отбасына 29 екі пәтерлі тұрғын үй берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның ішінде 45 көпбалалы отбасы, тоғызы әлеуметтік жағынан осал топ, тұрғын үйі апаттық деп танылған отбасыларға төрт үй берілді. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында құны 1065900 теңге болатын 39 екі пәтерлі тұрғын үй алу жоспарлануда.

- «СПК «Ертіс» АҚ корпорациясынан Абай бульвары 53В үйден 10 пәтер сатып алу жоспарлануда, республикалық бюджет есебінен 80 907 млн теңге, облыстық бюджеттен 56 млн теңге бөлінген. Аталған бағдарлама аясында салынған 50 жеке тұрғын үйдің бесеуі «Шаңырақ» атты мемлекеттік бағдарлама арқылы сатылып, бес отбасына 1 200 мың теңгеден тұрғын үй сертификаты берілді, - делінген мәліметте..

«Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы биыл барлығы 24 отбасы үй алды. Оның ішінде 16 отбасына 16 млн теңге тұрғын үй сертификаты берілген.