Айыппұл салынуы мүмкін

370
көрілім

Бұдан былай құтқарушы жилетін өзімен бірге алып жүрмеген балықшылар жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл жөнінде қыс мезгілінде балықшылық құратын аумақтарда қауіпсіздік шараларының сақталуы бойынша тексеру жүргізген ТЖ қызметінің мамандары айтып отыр, деп хабарлайды газет тілшісі YK-news.kz сайтына сүйене отырып.

Төтенше жағдайлар қызметі көктемгі уақытта мұз үстінде балықшылық құратын өңір тұрғындарына бұл ермектің қауіпті екенін тағы бір ескертеді.

- Балық аулау кезінде әр балықшының жеке құтқарушы жилеттерінің болуы міндетті, - деп хабарланған ШҚО ТЖД ресми сайтында. - Су жағасында қауіпсіздік ережелерін бұзған азаматтарға қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Атап айтсақ, қауіпсіздік шараларын сақтамаған жеке тұлғаларға 7 айлық есептік көрсеткішке (16 835 теңге) дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Ерлен ОСМАНОВ