Азия чемпионаты өтеді

224
көрілім

Өскемен қаласында волейболдан әйелдер арасында Азия чемпионаты өткізілмек. Облыс орталығы бұл халықаралық доданы екінші рет қабылдап отыр.

Азиялық волейбол кодфедерациясы өткен жылы чемпионаттың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ескеріп, ауқымды спорттық сайысты биыл да Шығыс Қазақстанда өткізуге бел байлады. Биылғы жылғы додаға 10 мемлекеттен қелген волейбол командалары бақ сынаспақ (толық тізімі кестеде).

Әйелдер арасындағы Азия чемпионаты 11 шілде күні Б.Александров атындағы Спорт сарайында басталады.

Мемлекеттер:
1 Қазақстан
2 Қытай
3 Жапония
4 Тайбэй
5 Филиппин
6 Иран
7 Вьетнам
8 Тайланд
9 Индонезия
10 Шри-Ланка

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ